+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Жанарбек Әшімжан Алматыда метро бекетінің атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

2021 жылғы 18 қыркүйек 17:53
Бөлісіңіз:
Жанарбек Әшімжан Алматыда метро бекетінің атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Алматыдағы метро бекеттерінің атауын өзгертуді қолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әлихан, Ахмет, Қажымұқан: Петропавлда 4 мектепке қазақтың біртуар ұлдарының есімі берілмек

Депутат, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жанарбек Әшімжан Алматыдағы метро бекеттерінің атауын өзгерту жастардың патриотизмін дамытуға септігін тигізетініне сенімді.

«Бұл - дұрыс шешім. Біз батыр, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының есімін ұлықтауымыз керек. Әскери ойшыл және теоретик полковник Момышұлының есімі фашистік Германияны жеңуге үлес қосқан Ұлы Отан соғысының әскери басшыларының қатарында», - деді мәжіліс депутаты.

Ақынның айтуынша, ұлттық тарихи эпоста Қазақстанның батырлары жарқын тұлғалар ретінде берілген. Сондықтан өткен ғасырларда бейнесі өшпеген батыр Қарасай батырдың құрметіне бекетке атын беру әділ қадам болар еді.

«Мен Алматының батыс қақпасы Қарасай ауданымен шектесетінін атап өткім келеді, сондықтан Қарасайдың есімі метро стансасына берілуі орынды», - дейді халық қалаулысы Жанарбек Әшімжан.

Айта кетейік, Достық бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр. Оның техникалық іске қосылуы осы жылдың соңына жоспарланған. «Западный» автовокзал бекеті Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында салынады.

Белгіленген тәртіп бойынша әкімдіктің қаулысы мен Алматы қаласы мәслихатының шешімі Республикалық ономастикалық комиссияға жіберіледі, онда түпкілікті шешім қабылданады.


Фото: taldykorgan-online.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT