Жанар-жағармай, сондай-ақ мұнайдың экспорттық кедендік баж салығын арттыру жөнінде ұсыныс жасалды

None
None
АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Монополияға қарсы орган Үкіметке бензинге және дизель отынына, сондай-ақ мұнайдың экспорттық  кедендік баж салығын арттыру жөніндегі мәселені қарастыруға байланысты ұсыныс жасады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің ақпараттық сүйемелдеу басқармасының бастығы Жандос Нұрмахамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кездегі мұнай өнімдерінің экспортына кедендік ставкалар экспорттаушы компаниялардың жанар-жағармайды ішкі нарықта сатуға қызығушылығын қамтамасыз етпей отыр.

Атап айтқанда бүгінде мұнай өнімдерінің эскпортына кедендік баж салығының ставкасы тоннасына 59,87 АҚШ долларын құрайды. Сонымен бірге Ресейде ақшыл мұнай өнімдері түрлеріне эскпорттық кедендік баж салығы биылғы жылғы тамыздың 1-інен бастап тағы да жоғарылаған.

 «Осыған байланысты монополияға қарсы орган  ҚР Үкіметіне бензин және дизель отынына, сондай-ақ мұнайдың экспорттық  кедендік баж салығын арттыру жөніндегі мәселені қарастыруға байланысты ұсынысты жолдады»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар