Жанар-жағармай бағасын көтеру керек - Энергетика және минералдық ресурстар министрі

None
None
ашаның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың пікірінше,  дизель отыны экспортына салынған шектеуді тоқтатып, жанар-жағармай бағасын көтеру керек. Бұл жайында ол бүгін Үкімет отырысында мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Бүгін Елбасы Үкіметке жанар-жағармай мәселесі неге шешілмей жатқандығы тұрғысында нақты сұрақ қойды. Сіз осыған байланысты маған жауап бере аласыз ба?» - деген Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың сауалына Сауат Мыңбаев : «Бұның екі себебі бар. Алғашқысы, бірінші жартыжылдықта  бензиннің және басқа да жанармай көлемінің тұтыну көлемі едәуір төмендеді. Сондықтан біз экспортты жаппаған болатынбыз. Шілде-тамыз айларында экспорттың көлемі айтарлықтай өскеннен кейін тамызда экспортты жапқан болдық. Ал негізгі себебіне тоқталатын болсақ - ол бағаға байланысты. Егер байқасаңыз,   қазір жанар-жағармайдың бағасы ішкі нарықта Ресейдің бағасымен салыстырғанда 30-40 пайызға айырмашылығы бар»,-деді министр.

Оның айтуынша, шекараны жаппай, экспортты реттемей тұрғанда, авиакеросин мен жоғары октанды бензиннің импорттық көлемі  30-дан 40 пайызға дейін болған. «Осы күні жоғары октанды бензин мен авиакеросиннің көлемін айтатын болсақ, бір грамм да импорт жоқ. Ол бензин келмей отырып,  оны біз қайдан алмақпыз. Атап айтқанда, біздің баға Ресейден 40 пайыз төмен болса, бензинді елімізге кім тасымалдайды»,-деді С. Мыңбаев.

Оның сөзіне қарағанда, керісінше, кәсіпкерлер біздің жанармайды бағасы жоғары Ресейдің нарығына тасымалдағысы келеді.

«Біздің мұнай өңдеу зауыттарын мұнаймен толтырып тастасақ та, бір жағынан бағаны ұстап тұрсақ, екінші жағынан импорт келмесе, бұл мәселені шешу оңай емес жағдай. Қазіргі кезде барлық мүмкіндікті салып, мұнайдың барлығын зауыттарға жібердік. Соның өзінде енді дизель отынына экспорт ашпайтын болсақ, онда осы көп көлемді пайдалана алмаймыз»,-деді ведомство басшысы.

Осы орайда ол дизель отынына экспортты ашу туралы Үкіметтің қаулысын қабылдауды, сондай-ақ жанармай бағасын шамалы өсіруді ұсынды. 

«Бір нарықта отырып 40 пайыз айырмашылықтың болуы көп секілді», деді министр.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Энергетика және минералдық ресурстар министріне жанар-жағармай мәселесін жан-жақты зерделеп, қарастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар