Жанар Айтжанова Халықаралық электрбайланыс одағының Бас хатшысымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова Халықаралық электрбайланыс одағының (ХЭО) Бас хатшысы Хоулинь Чжаоның Қазақстанға сапары қарсаңында кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық тараптың шақыру негізіне байланысты ү.ж. 16-17 қыркүйек аралығында ХЭО-ның Бас хатшысы Байланыс саласындағы аймақтық достастық әкімшілігі басшыларының Кеңесінің (БСАД ӘК) 55-ші отырысына және ТМД-ға мүше мемлекеттердің ақпараттандыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 25-ші отырысына қатысады. Іс-шаралар аясында Х.Чжаоның жоғары деңгейдегі ресми өкілдермен бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұрақты өкілі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы негізгі аспектілерін, соның ішінде инфокоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан аймақтағы көшбасшылықты нығайту міндетін атап өтті. Сондай-ақ, ХЭО Бас хатшысының Қазақстанға сапары ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға серпін беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде, Х.Чжао Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген міндеттер Қазақстанда АКТ-ға халықаралық инвестицияларды ынталандыратындығын және біздің елімізді әлемдік дамудың жаңа сатысында қазақстандық модель ретінде көрсететіндігін атап өтті. Сонымен қатар, ХЭО-ның Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қызығушылығын растады.

Халықаралық электрбайланыс одағы (ХЭО) БҰҰ-ның АКТ саласындағы жетекші агенттігі болып табылады. 1993 жылы ХЭО-ға толыққанды мүше болғаннан бастап, Қазақстан ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамып келе жатқан секторының мәселелерін шешуге белсенді қатысып, инновациялар саласында ынтымақтастықты дамытуда.



Соңғы жаңалықтар