Жаңаөзендік жастар қазақстандықтарға эстафета жолдады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзендік жастар «Жақсылық жаса» челленджі аясында игі іс бастады. Олар қала көшелеріне түрлі нақыл сөздер жазылған тақтайшалар орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірлігі мықты жастар - болашаққа жол бастар», «Әр қазақ - менің жалғызым». Бұл - тақтайшаға жазылған ғибратты мақалдар, зердеге қонар түйінді нақылдар. Осындай рух пен жігер беретін сөздер енді әр көшеде ілініп тұрады.

«Жаңаөзен жастары халықты бірлікке, ынтымаққа, сыйластыққа, адамгершілікке шақыратын нақыл сөздерді жазып, іліп қойды. Биыл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 2 жыл толды. Сондықтан, креативті 20 тақтайша жасап бердік»,- дейді жобаға мұрындық болған Орынбасар Сеитов.

«Тақтайшалардың тәрбиелік мәнінен бөлек, қаланың сәнін келтіреді» дейді жастар. Сондықтан қолға алынған игі істі басқа өңірлерге жолдады.
null
null null

«Бүкіл қазақстандықтарды осындай тақта орнатуға шақырамыз»,- дейді Жаңаөзен тұрғыны Уәлихан Бисенқұлов.

Жастар алдағы уақытта аз қамтылған отбасылар үшін қайырымдылық шараларын ұйымдастырмақ. Азық-түлік пен қаржылай көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Осыған дейін 1 млн теңгеге мұқтаж жандарға пандус орнатып берген. Олардың айтуынша, мұндай шаралар жастарды жақсылық жасауға, мейірімді болуға баулиды.

Соңғы жаңалықтар