Жаңаөзендік жастар есірткіге қарсы қысқаметражды фильм түсірді

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда «Арбау» қысқаметражды фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Жаңаөзендік шығармашылық топтың тұңғыш туындысын БАҚ өкілдері мен блогерлер тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Режиссер Азамат Артықов пен продюсер Ақиқат Шарапатдин бірлесіп түсірген фильм синтетикалық есірткі салдары жөнінде баяндайды.

«Бүгінгі қоғамдағы өте өткір мәселе - синтетикалық есірткіге еліткен жастар. Біздің фильм үш мақсатты көздейді. Фильмді көрген жастар өмірін оң өзгерістерге бағыттаса дейміз, екіншіден ата-аналар ақпарат алады. Сондай-ақ осы фильм арқылы жаңаөзендік жастар отандық медиа саласының дамуына өзіндік үлесін қосады. Кинода жергілікті актерлар Аяп Асылтас, Арман Жеменей ойнайды. Кинода үлкен қалаға оқуға түскен кейіпкердің зиянды әдеттерге үйір болуы және бұл дүниелердің оның өміріне әсері сипатталады. Біз бұл тақырыпты жақсы зерттедік», - дейді Ақиқат Шарапатдин.

Басты рөлдердің бірін жиырма жастағы Мирас Чанов Мақсат есімді студенттің рөлін сомдайды. Мирас бұл өзінің түскен алғашқы туындысы болғандықтан бірқатар қиындыққа тап болғанын айтады.

«Бұл фильмнен үлкен тәжірибе жинадым. Негізгі мамандығым өрт сөндіруші болғандықтан фильмге түсу оңайға соқпады. Мен кинода түнгі ойын-сауық кешендеріне барып, есірткі қолданатын студенттің рөлін сомдадым. Ал шын өмірде тіпті шылым шегіп көрмегендіктен, дубльдарды қайта-қайта түсірдік. Бұл фильм арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, өз өмірін бағалауға шақырамын», - деді Мирас Чанов.



Соңғы жаңалықтар