Жаңаөзендік жастар «Даңқ» аллеясын тазартты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзендік жастар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің «Данқ» аллеясында сенбілік өткізді, деп xабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері мұнайлы шаһарындағы «Шаңырақ» шағын ауданында орналасқан «Данқ» аллеясында сенбілік өткізіп, қаланы тазартуға өз үлесін қосты.

Аталған шара «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының «Ұрпақ жадында» акциясы атауымен өткізілді. Аталған шарада ерікті жастар және мемлекеттік қызметшілер аллеяны тазалап, маңын абаттандырып, көшеттер отырғызды. Ағаштардың түптерін әктеп, айналаны күл-қоқыстан тазартты.

Соңғы жаңалықтар