Жаңаөзендік гимнасшылар Бакуден олжалы оралды

None
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзендік көркем гимнасшылар Әзербайжанның астанасы Баку қаласында өткен Victory cup халықаралық жарысынан жүлдемен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыста 2010-2018 жылғы жас гимнасшылар бақ сынаған.

Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Түркия, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктерінен ашық чемпионатқа қатысқан 300-ге жуық спортшылардың ішінде жерлестеріміз топ жарды.

«№1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің гимнастшылары жеке-жеке өнер көрсетіп, 10 алтын, 7 күміс жүлдені жеңіп алса, «Жақсы» спорт кешенінің жас гимнасшылары 8 алтын, 7 күміс, 2 қола медаль иеленді», - деп мәлім етті Жаңаөзен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жас гимнасшылар бұл халықаралық байқауда бірінші рет өнер көрсеткен.


Соңғы жаңалықтар