Жаңаөзендегі жұмысшылардың арыз-талабын қарайтын комиссия құрылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзендегі «КЕЗБИ» мұнай сервистік компаниясы жұмысшыларының арыз-талабын шешу мақсатында арбитражды комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия құрамына компанияның 4 жұмысшысы, компанияның басшылары, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының өкілдері мен Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары бар 12 адам енді.

«КЕЗБИ» ЖШС-нің жұмысшылары жалақыны көтеру, тарифтік кестені қайта қарау және жабдықты қажетті стандартарға сәйкестендіруді, мереке күндері жұмыс істегені үшін жалақы, 13-ші жалақы мен зиянды жұмыс үшін өтемақы беруді сұрайды.

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов мәселенің мән-жайын білу үшін Жаңаөзен қаласына барып, жұмысшылармен кездесті.

«Бұл жекеменшік мекеме. Жекеменшік мекеме болғандықтан оның ішкі экономикалық жағдайына араласа алмаймыз. Бұл жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы жағдай. Сол жағдайды білейін, өз көзіммен көрейін, заңға сәйкесті мәселені айтайын деп келдім. Экономикалық жағдайдың бәрі қаражатқа тіреледі. Жекеменшік мекеме бар, мемлекеттік мекеме бар, мұның бәрінің ара-жігін айырып айтуымыз керек. Заңдылығын түсіндіруіміз керек. Барлығымызға ортақ заң бар. Сондықтан да барлығы заңның аясында шешілуі керек деп есептеймін»,-деді облыс басшысы.

Жұмысшылар арызына орай құрылған комиссия отырысы жалғасып жатыр. Шешімі алдағы уақытта хабарланады.


Соңғы жаңалықтар