Жаңаөзендегі жол апатынан 9 адам зардап шекті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде жол апатынан зардап шеккен 2 адам қазір қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

 Жаңаөзен қалалық ауруханасының мәліметінше, 9 адам ауруханаға жеткізілген. Оның 5-уі - бала.

«2 адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, ал 5 адам травматология бөлімінде. Олардың жағдайы қалыпты. 2 бала медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды», - дейді аурухана басшылығы.

Еске сала кетейік, жол апаты 10 маусымда кешкі сағат 20.00-дер шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, Lexus ES 330 жеңіл автокөлігі қарсы бағытқа шықпақшы болып, Toyota Avalon көлігіне соқтығысқан. Соның салдарынан Toyota Avalon көлігі толықтай жанып кетті.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-тармағы бойынша Жаңаөзен қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

 

Соңғы жаңалықтар