Жаңаөзендегі жарылыстың себебі белгілі болды

None
Фото: t.me/qr_tjm
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзендегі Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан 2-қабатты үйде газдың тарауы салдарынан жарылыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

«17 сәуірде сағат 4:05 шамасында Жаңаөзен қаласы Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан 2-қабатты үйде газдың тарауы салдарынан жарылыс болды. ​Осы факті бойынша Маңғыстау облысы бойынша ТЖД-мен бірге Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген баспасөз мәліметінде.

​Аталған іс бойынша облыс прокуратурасымен процестік прокурорлар тобы айқындалып, облыстық Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттері басшыларының бірлексен бұйрығы негізінде ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

​Сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыс прокуратурасының бақылауында. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Осыған дейін қылмыстық іс қозғалып, 4 адам қаза тапқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар