Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен келіншек сал болып қалды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 23 жастағы келіншек сал болып қалды. Оның денесі күйіп, омыртқасы сынған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарылыс кезінде келіншек жүктіліктің 17-18 аптасында болып, түсік тастаған болатын. Оған бүгінге дейін күрделі екі операция жасалды.

«Науқас Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Оның жағдайы тұрақты ауыр. Жұлыны толық зақымданған. Әйел белінен төмен сал ауруына шалдыққан», - деп мәлім етті облыстық аурухананың баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, 17 сәуір күні таңертең Жаңаөзен қаласында екі қабатты үйде жарылыс болып, 6 адам көз жұмды және 13 адам зардап шекті.


Соңғы жаңалықтар