Жаңаөзендегі жарылыс: зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат- Жаңаөзендегі жарылыстан Ақтаудағы облыстық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген 46 және 51 жастағы ер адамдар қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке орай, дәрігерлер оларды ажалдан аман алып қала алмады. Қайтыс болған жандардың жағдайы өте ауыр болды. Біз туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз»,-делінген баспасөз мәліметінде.

Еске салайық, жарылыстан 13 адам зардап шегіп, 4 адам қаза тапқан еді


Соңғы жаңалықтар