Жаңаөзендегі жарылыс: қаза болғандар саны 3-ке жетті

None
Фото: t.me/qr_tjm
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзендегі үйінді астынан тағы 2 адамның денесі табылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар үйінділерден тағы үш адамды тірідей алып шықты: ер адам, әйел адам және бір бала.
Қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 3 адамның денесін алып шықты.
Құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды.
Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есептоп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер.

Айта кетейік, бүгін таңда Жаңаөзендегі 2 шағын аудандағы 12 пәтерлі 2 қабатты үйде жарылыс болған еді.


Соңғы жаңалықтар