Жаңаөзендегі жағдай: Маңғыстау облысына Ералы Тоғжанов барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарайтын Үкіметтік комиссияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов басқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Комиссияны Е.Тоғжанов басқарады. Ертең таңертең ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжанов, ҚР энергетика министрі М.М. Мырзағалиев және Бсәкелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С.М.Жұманғарин Ақтауға ұшады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарау үшін Үкімет комиссиясы құрылғанын жазған болатынбыз.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі сұйытылған газ бағасынан басталған парақшасында Жаңаөзендегі жағдайға қатысты жазба жариялаған болатын.

«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек», делінген жазбада.


Соңғы жаңалықтар