Жаңаөзендегі нысандарға 40 пандус орнатылды

None
None
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзендегі әлеуметтік нысандарға 40 пандус орнатылды. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Нұржұма Гумарова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде қаламыздағы мектеп, аурухана, кітапханалар мен әлеуметтік қорғау мекемелері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына, өздеріне тиесілі қызметті пайдалануына толыққанды жағдай жасалған. Әлеуеті әлжуаз топты мейлінше қолдау тек әлеуметтiк сала қызметкерлерiнiң ғана мiндетi емес, баршамыздың парызымыз деп қарауымыз керек. Жаңаөзен қаласы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз аймаққа айналуы қажет» - деді Нұржұма Гумарова.

Бұған дейін Жаңаөзен қаласында белсенді жастардың бастамасымен орталық саябақта мүгедек адамдар үшін туындайтын жол кедергілері тегістелді.


Соңғы жаңалықтар