Жаңаөзендегі мұнай өндіруші компанияның жұмысшылары негізсіз талап койған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде мұнай өндіруші «ӨзенМұнайГаз» компаниясының бұрғыларын жөндейтін «КЕЗБИ» мекемесі жұмысшыларының наразылық танытты. Әлеуметтік желіде ондаған жұмысшының жұмысты тоқтатқаны жайлы видеосы тарай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«КЕЗБИ» жұмысшылардың талап қойғанын растады. Дегенмен мұнай өндіруші мекеменің бұрғыларын жөндейтін компания жұмысшыларының талабы негізсіз екенін жеткізді.

«Біріншіден, бұрынғы келісім бойынша орындалған жұмыс көлеміне байланысты 25-35% көлемінде сыйақы төлеу. Бұл мәселе шешілді. Екіншіден, «КЕЗБИ» ЖШС қызметінен бұған дейін босатылған төрт адамды жұмысқа қайта қабылдау талабын қойды. Компания бұл талапты негізсіз деп санайды. Себебі барлығы заңды түрде жұмыстан шығарылды және олар жұмыстан босату туралы бұйрыққа шағымданбаған еді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, шілде айында «КЕЗБИ» компаниясы жұмысшыларының бір аптаға созылған наразылығынан кейін тараптар келісімге келіп, жұмысшылар талаптарының ішінара орындалғып жатқанын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар