Жаңаөзендегі мектеп 16 мың теңгенің шкафын 35 мың теңгеге сатып алмақ болған

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласының білім бөліміне қарасты мектептердің бірі бастауыш сыныптарға арналған металл шкафтарды 6,3 млн теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім мекемесі бір дана шкафтың құнын 35 мың теңгеден белгілеген. Ал оның нарықтағы орташа бағасы – 16 мың теңге. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті сатып алушымен бірлесе жұмыс жүргізіп, осы сатып алудан 3,5 млн теңге үнемдеді.

«Аймақтағы Антикор сатып алынатын тауарлар мен қызмет түрлері құнының нарық бағасынан жоғары болмауын бақылауда. Нәтижесінде жыл басынан бері өңірде 660 млн теңге көлеміндегі мемлекет қаржысы үнемделді. Мемлекеттік органдар мен мекемелердің, квазимемлекеттік субъектілердің сатып алатын тауар немесе қызметтерінің бағаларына мониторинг мемлекеттік сатып алудың жоспарлау сатысында және нарықтық көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі», - деп жазды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар