Жаңаөзендегі апатқа кінәлі азамат 5 жылға сотталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Осыдан тоғыз ай бұрын Жаңаөзен қаласында болған жантүршігерлік апатқа қатысты сот үкімі шықты,деп хабарлайды ҚазАқпарат тлішісі.

Ұзаққа созылған сот процесінің қорытындысы шығып, апатқа диспетчер кінәлі деп танылды. Сот үкімі бойынша, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

«Есентемір Танауов ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл темір жол саласында қызмет атқару  құқығынан және 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,-дейді Жаңаөзен қалалық сотының судьясы Махамбет Толтанов.

Алайда, зардап шеккендер бұл үкіммен мүлде келіспейді. Диспетчерге тағайындалған жаза тым жеңіл деп санайды олар.

«Қыруар адамның өліміне себеп болған диспетчерге жеңіл жаза берілді. Келіспеймін. Мен жоғары сотқа арызданамын»,-дейді зардап шегушінің туысы Сәндібек Жаңабаев. 

Сот үкімі 15 тәуліктен кейін күшіне енеді. Оған дейін тараптар апелляциялық сотқа жүгіне алады.

Айта кетейік, 2017 жылдың қараша айында «тепловоз» бен газель соқтығысып, тоғыз адам ажал құшқан болатын. Жиырма шақты адам жарақат алып, олардың арасында тіпті өмір бойына зағип болып қалғандар бар. Зардап шекккендерге бес жүз мыңнан жеті миллион теңгеге дейін өтемақы берілген болатын.

Соңғы жаңалықтар