Жаңаөзенде «ЖОО-ға түсіру үшін» ақша алған алаяқ әйел ұсталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде «ЖОО-ға түсіру үшін» ақша алған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқ жоғары оқу орнына түсуге көмектесу үшін ақша алып, қашып кеткен. Полицейлердің хабарлауынша, оқиға тамыз айында болған. Ол тұрғыннан 42 500 теңге алған. Алайда, уәдесінде тұрмаған. Белгілі болғандай әйел өткен жылы да осындай әрекетке барған. 2020 жылдың шілде айында ЖОО-ға түсуге көмек көрсету үшін ауыл тұрғынынан 152 мың теңге алды. Қүдікті келіншек кінәсін мойындады.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар