+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Жаңаөзенде жол апатынан 9 адам зардап шекті

2019 жылғы 11 қазан 21:21
Бөлісіңіз:
Жаңаөзенде жол апатынан 9 адам зардап шекті

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жол апатынан зардап шеккендер арасында 4 әйел адам мен екі жасар бала бар. Бұл туралы МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында семинарға бара жатқан мұғалімдер көлік апатына түсті Оралда жас жүргізуші «Тойотамен» әйелді қағып кетті Қарағандыда автобус жаяу жүргіншілер жолында әйелді қағып кетті

Жол апаты 9 қазан күні кешкі сағат 22:15-те болған. №22 шағынаудандағы мектеп жанында бірнеше жеңіл көлік соқтығысқан.

Салдарынан 9 адам зардап шегіп, олар Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілген.

«Зардап шеккендер арасында екі жасар бала болды, ол травматология бөліміне жабық ми жарақатымен жеткізілді. Миы шайқалған. Сонымен қатар, осы бөлімге 55 жастағы әйел адам оң жақ аяғының сүйегі сынып жатқызылды. Бұдан бөлек, 4 әйелдің де миы шайқалған. Ал, 22 жастағы ер адам мен 51 жастағы әйелге алғашқы көмек көрсетіліп, амбулаториялық емге жіберілді. Ал, бір адам ем алудан бас тартып, үйіне кетті» делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT