Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен науқастардың қазіргі жағдайы қалай

None
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат – Қазір Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында жарылыстан зардап шеккен 5 адам жатыр. Дәрігерлер науқастардың жағдайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде қазір 5 науқас жатыр. 6 науқас түскен еді. Біреуі күйікпен облыстық ауруханаға ауыстырылды. Жансақтау бөлімінде 1 келіншек пен ер адам жатыр. Екеуінің де жағдайы ауыр. Әйел сәл есін жиып келеді. Травмотология бөлімшесінде 2 қыз бен ер адам бар. Олардың жағдайы орташа», - деді Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының басшысы Серік Асқаров.

Айта кетсек, 17 сәуірде Жаңаөзен қаласының 2-мөлтекауданындағы қосқабатты үйде жарылыс болып, 13 адам зардап шеккен еді.

Зардап шеккендердің бірі жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілген болатын.

Оқиғаға орай қылмыстық іс қозғалып, барлығы 4 адам қаза тапқаны белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар