Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен әйел есін жиды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жаңаөзенде жарылыстан кейін орталық аурухананың жансақтау бөліміне түскен келіншек есін жиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әйелдің жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылған. Қазір өзі демалып, дәрігерлердің сұрағына жауап береді. Ал, жансақтау бөліміндегі екінші науқастың жағдайы әлі де аса ауыр деп бағаланып отыр», - деді қалалық көпбейінді аурухананың басшысы Серік Асқаров.

Сондай-ақ, дәрігерлер травматология бөлімшесіндегі 1 ер адам мен 2 қыз баланың жағдайлары тұрақты орташа екенін айтады. Оқушы қыздармен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.

Айта кетсек, Жаңаөзен қаласының 2-мөлтек ауданындағы 2 қабатты үйде жарылыс болып, 13 адам зардап шеккен еді. Жарылыстан 4 адам қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар