Жаңаөзенде зейнеткер жаяу жүргіншіні көлікпен қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласындағы «Арай» шағын ауданында орналасқан «Темірқазық» қонақүйіне қарама-қарсы күре жолда көлік апаты орын алды. Mitsubishi көлігінің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол апатының салдарынан Жаңаөзеннің 27 жастағы тұрғыны жабық бас-ми жарақаты, төменгі жағының жарасы, бас миының соққысы және басқа да дене жарақаттарымен қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді, деп жазады lada.kz.

Mitsubishi көлігін жүргізген 72 жастағы жергілікті тұрғын оқиғаны қараңғы уақытта жаяу жүргіншіні байқамай қалғанымен түсіндірді.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы Бейнеу ауданының күре жолында орын алған. Онда Hyundai Accent көлігін жүргізіп келе жатқан Шетпе кентінің 39 жастағы тұрғыны көлікті басқара алмай, аударылып қалған.

Жол апаты салдарынан көліктің екі жолаушысы: 61 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы зардап шекті. Абырой болғанда, олардың алған жарақаттары жеңіл болып, медициналық көмек көрсетілген соң, үйлеріне жіберілді. Көліктің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар