Жаңаөзенде Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған екі баланы тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған екі баланы тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 5 мамыр күні кешкісін сағат 19.20 шамасында болды.

Жаңаөзен қаласы полиция бөлімінің жедел басқару орталығына әйел хабарласып, өз үйінің ауласында ойнап жүрген ұлы мен қызының жоғалып кеткендігін жеткізген.

Балаларды іздеуге барлық жеке құрам жұмылдырылып, Ұлттық ұлан сарбаздары барлық көше мен қала маңын сүзіп шықты.

Құрамында лейтенант Ұлан Мақсатұлы, ефрейторлар Наурызбек Бөлеген мен Мақсат Тай бар топ 40 минуттан кейін «Өркен» дәмханасы маңында жылап отырған екі баланы жолықтырады. Жауынгерлер оларды жұбатып, кейін ата-анасына тапсырды.

Жоғалып, қайта табылған алты жасар Алтынбек Ұлттық ұлан сарбазы болғысы келетінін айтты.

Қырағылық көрсеткен әскери қызметкерлер 5548-әскери бөлім командирімен ынталандырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақтауда Ұлттық ұлан сарбаздары іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсіргенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар