Жаңаөзенде республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары анықталды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласында «Жүректен атқан жыр бұлақ» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Оған өңірлерден 14 ақын қатысып, 7 жұп болып өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздер өз табиғи таланттарыңыздың арқасында ұлттық өнерімізді дәріптей отырып, еліміздегі айтыс өнерінің дамуына, халықтың мәдениетін арттыруға, өскелең ұрпақты ата салт-дәстүрге тәрбиелеуге өзіндік зор үлес қосып келесіздер. Тәннің ақыны дәрігер болса, жанның дәрігері – ақын»,- деді Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов.

Халыққа лық толған «Мұнайшы» мәдениет үйінде өткен жыр додасын ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Мэлс Қосымбаев жүргізді.

Алғашқы жұп болып сахнаға Біржан Байтуов пен Төлеген Жаманов шықты. Одан әрі Шалқарбай Ізбасаров пен Ержан Амиров, Арғынбек Қалбаев пен Мейірбек Сұлтанхан айтысты қыздыра түсті.


Түске дейінгі бөлім Рауан Қайдаров пен Азамат Орынбасаровтың өнерімен аяқталды.

Тартысты бәйгеге халықтың қошеметі де ерекше болды.

Түстен кейінгі бөлімді Абай Жолмағанбетов пен Сезімхан Шұғайып, Жансая Мусина мен Қанат Мырзахан, Айбек Қалиев пен Жәнібек Бейбітов жалғастырды.

Сөз жарыс қорытындысында бас жүлдені Арғынбек Қалбаев, 1-орынды Жансая Мусина мен Төлеген Жаманов, 2-орынды Абай Жолмағанбетов, Шұғайып Сезімхан, Мейірбек Сұлтанбек, 3-орынды Біржан Байтуов, Шалқарбай Ізбасаров, Қанат Мырзахан, 500 мың теңге арнайы жүлдені Айбек Қалиев, ынталандыру сыйлығын Ержан Әміров, Азамат Орынбасаров, Жәнібек Бейбітов, Рауан Қайдаров иеленді.



Соңғы жаңалықтар