+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Жаңаөзенде полицейлерді көрген мейрамхана иесі тойдағы қонақтарды өзі қуа бастаған

2020 жылғы 29 қыркүйек 15:07
Бөлісіңіз:
Жаңаөзенде полицейлерді көрген мейрамхана иесі тойдағы қонақтарды өзі қуа бастаған

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде демалыс күндері карантин тәртібін бұзып, той жасағандар жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда 765 нысан Ashyq жобасына қосылған Алматыда үнді штамына байланысты карантин күшейтіле ме Алматы әуежайы мен теміржол вокзалдарында бақылау күшейтіледі

Қалалық мониторинг тобы рейд кезінде бас санитардың қаулысын орындамаған 3 той мен мейрамхана иелерін анықтады.

Жаңаөзен полиция бөлімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, той үстінен түскен мониторингтік топ мүшелері «Ақсұлу» мейрамханасына жиналған қонақтар мен қалыңдықты үйіне қайтарды.


«Тойға келушілердің саны 70 адамнан асып кеткен. Маска тақпай, әлеуметтік ара қашықтықты сақтамаған. Той дереу тоқтатылды. Қонақтар үйлеріне қайтты. Ал, екінші «Еуразия» мейрамханасының иесі мониторинг тобының ескертуіне құлақ аспады. Есікті іштен кілттеп алып, тойды тоқтатпастан өткізді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұдан бөлек, «Хан шатыр» мейрамханасының иесі полицейлерді көріп, тойдағы қонақтарды өзі қуа бастаған. Бас санитар дәрігердің қаулысын бұзған кәсіпкерлерге 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT