Жаңаөзенде полицейлерді балағаттаған тұрғын жазаланды

None
None
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде екі полицейді балағаттаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңаөзен қалалық сотында Е-ге қатысты ҚР КК-нің 378-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Е. Жаңаөзен қаласы «Шаңырақ» шағынауданында орналасқан Жаңаөзен қаласы ПБ-ның қызметтік бөлмесінде өздерінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерлері К. және Ж-ны балағаттап, ар-намысына тиетін балағат сөздерді айтқан.

Соттың үкімімен Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасауда кінәлі деп танылып, оған 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.


Соңғы жаңалықтар