Жаңаөзенде оқушыны ұрып-соққан мұғалім жұмыстан босатылды

None
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушыны ұрып-соққаны үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абай Қайратұлы Бекетов 8-сынып оқушысы Арнат Әбдіхалыққа қол көтерген.

«Жаңаөзен мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абай Бекетов бүгін 8-сынып оқушысы Арнат Әбдіхалық деген оқушыны ұрған. Мұғалімнің түсініктемесі және Жаңаөзен мектеп-гимназиясының тәртіптік кеңесі комиссиясы отырысының негізінде Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағы 14-тармақшасы бойынша жұмыстан босатылды», - деді Жаңаөзее қалалық Білім бөлімінің басшысы Өсербай Табыншаев.


Видеодан алынған кадр/ instagram.com/ladakz

Соңғы жаңалықтар