+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Жаңаөзенде коронавирус туралы жалған хабар таратқан медбике жұмыстан кетеді

2020 жылғы 4 наурыз 02:32
Бөлісіңіз:
Жаңаөзенде коронавирус туралы жалған хабар таратқан медбике жұмыстан кетеді

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат – Мессенжерде коронавирус туралы жалған хабар таратқан Жаңаөзен қалалық ауруханасының медбикесі елден кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Бүгін Жаңаөзен ауруханасында коронавирус жұқтырған адам бар деген хабар WhatsApp арқылы тез тарап кетті. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарып, Жаңаөзенде коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғасы тіркелмегенін жеткізді.

Кейіннен жалған хабарды таратқан әйелдің кім екені анықталды. Ол – қалалық аурухананың медбикесі Арухан Шырақбаева болып шықты.

Ол бұл әрекетін туыстарына арналған қалжың деп түсіндірді. Арухан Шырақбаева мессенжердегі хабарламасында Оңтүстік Корея астанасы Сеулден келген студент қыз коронавирус күдігімен ауруханада жатқанын айтқан. Бірақ ол аудиохабарламаны осыншама тез және жан-жаққа тарап кетеді деп ойламаған.

Ол Жаңаөзен тұрғындарына арнап видео түсіріп, кешірім сұрады.

«Хабарламада айтылған мәлімет шындыққа жанаспайды. Мен Жаңаөзен тұрғындарынан кешірім сұраймын», - дейді Арухан Шырақбаева.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған медбике өз еркімен жұмыстан шығу жөнінде өтініш жазған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT