Жаңаөзенде көлік айдап кеткен 14 жасар жеткіншектің әкесі жазаланбақ

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласында 7 сынып оқушысы аулада тұрған әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Ол достарымен көліктің жылдамдығын асырып айдап, бұл әрекетін  бейнетаспаға түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейнетаспа иесі іздестіріліп, мән-жай анықталған. 14 жастағы жеткіншек әкесінің Toyota Land Cruiser Prado көлігін ауладан рұқсатсыз айдап кеткен.

Олардың түсірген видеосы әлеуметтік желіге лезде тарап кеткен көрінеді.

Қазіргі таңда баланың әкесіне ҚР ƏҚБтК-нің 612 бабы 1 тармағы жəне 593-бабы 2 тармағы бойынша əкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.

Соңғы жаңалықтар