Жаңаөзенде кәсіпкер екінші жекеменшік балабақшасын ашты (ФОТО)

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласында мектепалды білім мекемелерінің жетіспеушілігі сезілуде. Таяуда ғана 3-5 жас аралығындағы балалар үшін 24 орынға арналған балабақшаны ашқан кәсіпкерлердің бірі Татьяна Солоницына өз бизнесін кеңейтпек болып, 25 балаға арналған тағы бір топты ашты.

Татьяна «Даму» қорының «Бизнестің жол картасы - 2020» бірыңғай бағдарламасының қатысушысы болып, мемлекеттік қолдаудың субсидиялау және кепілдендіру сияқты құралдарын пайдаланды. Бизнесмен әйел банктан ғимаратты сатып алу несиесін сұрап барды. Аймақтық үлестіру кеңесінің мүшелері Солоницынаның жобасының бағдарламаның барлық талаптарына сай келетінін есепке алып, оның жобасын мақұлдады.

Бүгінде «Алтын кілт» балабақшасы үлкен табысқа ие, екінші ғимаратта күрделі жөндеу жүргізіліп, қажетті жабдықтардың барлығы сатып алынған. Топқа 25 бала барып жүр.

Соңғы жаңалықтар