Жаңаөзенде инватакси қолданысқа берілді

None
None
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат – Жаңаөзен қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа инватакси пайдалануға берілді. Бұл қызметке қала мен оған іргелес елді мекендерде тұратын 500-ге жуық адам мұқтаж, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инватакси көлігін қолданысқа беру «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының 91-93 тармақтары бойынша жүзеге асып отыр. Ол 2014 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тапсырысына сәйкес қызмет көрсетеді», - дейді Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ұлбазар Орынбаева.

Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес елді мекендерде 5000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның 497-сі инватакси қызметін қажет етеді.

Заманауи, соңғы үлгіде жабдықталған көлік мүгедектердің сұраныстарына орай, қала ішінде және қалааралық бағыттарда тасымалдау қызметтерін атқарады.



Соңғы жаңалықтар