Жаңаөзенде инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасалды

None
None
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар бұқаралық ақпарат құралы Жаңаөзен қаласындағы «Сбербанк» бөлімшесінің инкассаторларына қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлаған болатын. Осыған орай аталған банк ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шынымен де 2020 жылдың 3 желтоқсанында, кешкі уақытта «Сбербанк» бөлімшесі жанында банкке инкассациялық қызмет көрсететін басқа компанияның инкассатар көлігіне шабуыл жасалды. Көліктің жүргізуші-инкассаторы банк бөлімшесіне кіріп кеткен әріптестерін күтіп отырған сәтте жасалған. Бұл ретте аталған компанияның қызметкерлері басқа ұйымнан инкассациялаған ақша қаражаты ұрланған. Осылайша, «Сбербанк» клиенттерінің қаражаттары толық сақталып тұрғандығын хабарлаймыз», - деліген қаржы ұйымының ақпаратында.

Банк мәліметінше, қарақшылық шабуыл кезінде ешкім зардап шекпеген.

«Сбербанк» жасалған қылмыстың қысқа уақыттың ішінде әшкереленіп, кінәлілер жазаланатындығына, қаражат иелеріне қайтарылатындығына үміт артады және қылмысты ашу үшін барынша жәрдем көрсетеді», - деді банктен.


Соңғы жаңалықтар