Жаңаөзенде газ өңдеу зауыты салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешенді жоспардың жобасын ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев таныстырды.

«Кешенді жоспар 15 бағыттан және 214 іс-шарадан тұрады. 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы сомасы 2,1 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде Оның ішінде республикалық бюджеттен 338,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 118,3 млрд теңге, сондай-ақ жеке инвестициялардан 1,6 трлн теңге», - деді министр.

Ведомство басшысының айтуына қарағанда, кешенді жоспар аясында Жаңаөзен мен Ақтау теңіз портын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру көзделіп отыр.

«Өнеркәсіпте Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын, арнайы экономикалық аймақ –Ақтау теңіз порты аумағында каостикалық сода құрамында сода құрамындағы хлор бар қнім өндіру зауытын салу, химреагенттерді трансформаторларды және т.б. өндіру бойынша 21 жобаны іске асыру көзделеді», - деді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар