+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Жаңаөзенде екі көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты

2021 жылғы 19 маусым 19:41
Бөлісіңіз:
Жаңаөзенде екі көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты

АҚТАУ. ҚазАқпарат- Жаңаөзенде екі көлік соқтығысты. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарата тілшісі Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада құтқарушылар көлік ішінде қысылып қалған адамды шығарды Түркияда өртенген үйлердің барлығы қайта салынады Павлодар облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, үш адам мерт болды

Жол-көлік оқиғасы «Құрмаш-Ата—Жаңаөзен» тасжолында орын алды.

«Оқиға орнында 1967 жылы туған ер адам көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, жедел медициналық жәрдем бригадасымен Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. 1983 жылы туған жас әйел шұғыл түрде анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды», - делінген хабарламада.

Қазір бір науқастың жағдайы өте ауыр. Ол өкпенді жасанды желдету аппаратына қосылған.

1959 және 1981 жылы туған тағы екі әйел травматология бөліміне жатқызылды. Оларға мидың жабық жарақаты, контузия, тізе мен иық буынының контузиясы диагнозы қойылды.

Ал 1981 жылы туған ер адам алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оң иық пен кеуде қуысының жарақатымен амбулаториялық емделуге жіберілді.

«Оның өміріне еш қауіп жоқ. Тіркелген жері бойынша емханада жалпы практика дәрігерінің бақылауында болады»,- делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT