+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Жаңаөзенде бизнеске қолдау білдіретін жаңа жоба басталды

2019 жылғы 14 қазан 01:20
Бөлісіңіз:
Жаңаөзенде бизнеске қолдау білдіретін жаңа жоба басталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында технопарктерді дамыту, бизнесті оқыту және микроқаржыландыру құралдары аясын кеңейту мақсатында жаңа жоба қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кәсіп түбі – нәсіп» деп аталатын жаңа жоба «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен іске асырыла бастады. Мақсаты – моноқалада кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша арнайы ұсыныстар дайындау.

Жоба шеңберінде арнайы жұмыс тобы құрылды. Бірлескен топтың құрамына «Атамекен» ҚР ҰКП орталық аппаратының өкілдері, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің негізгі бөлімдерінің, «Каспий» ӘКК және қаржы ұйымдарының басшылары енді. Бірлескен жұмыс тобының басты назарында – технопарктер мен ауылшаруашылық аймақтарды дамыту, өндірісті оқшаулау, бизнесті оқыту және микроқаржыландыру құралдары аясын кеңейту міндеттері болады.

Жаңа жоба аясында кәсіпкерлермен «дөңгелек үстелдер», көпшелі консультациялар, кездесулер өте бастады. Жаңаөзендік іскерлер қала мен оған жақын орналасқан елді мекендерде мал дәрігерінің жетіспейтінін, мал сырқатын емдеу қарапайым шаруаға қиынға соғатынын алға тартты.

«Кәсіп түбі – нәсіп» жобасы «Жаңаөзенге– жаңа кәсіп» жобасының қисынды жалғасы деуге болады. Біз бірнеше бағытта жұмыс жасаймыз: маркетинг, қаржыландыру, құқықтық мәселелер, скрининг, кәсіпкерлікке және микроқаржыландыруға оқыту. Мұнда білікті мамандар кәсіпкерлерге кеңес береді. Кәсіпкерлер мен бизнес-бастамасы бар тұлғаларды топ жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз. Біздің жұмысымыз ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады және алдымызға Жаңаөзен қаласындағы бизнестің дамуына ықпал ететін нақты мақсатты көрсеткіштерді қоямыз«, - деп атап өтті «Атамекен« ҰКП басқарушы директоры – жаппай кәсіпкерлік және микроқаржыландыру департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев.

Жұмыс тобы жоба шеңберінде Теңге ауылы мен «Рахат» шағынауданы тұрғындарымен де кездесті. Онда кәсіпкерлерге жобаның мақсаты түсіндіріліп, шешімін таппаған мәселелері мен сұрақтарына жауап берілді. Кәсіби мамандардан жан-жақты қолдау желтоқсан айына дейін жалғасады.

Кәсіпкерлерге мынадай қызмет түрлері көрсетіледі: мемлекеттік қолдау бағдарламалары; маркетолог қызметі; заң қызметтері; ауыл шаруашылығы саласы; мемлекеттік және жекешелік (электронды) сатып алулар; кәсіпкерлікті дамытуға қатысты ұсыныстар; бизнесті қаржыландыру тетіктері.

«Аграрлық несие корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ мамандары кеңес береді.

Тегін кеңес алу үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жаңаөзен қалалық филиалына хабарласуға болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT