Жаңаөзенде автожолды жапқан жұмысшылар жауапқа тартыла ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Көлік жолын жапқан жаңаөзендік жұмысшылардың талабы қандай болды? Бұл сауалға Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер сіз Жаңаөзен қаласында ұсталған 30-40 адам туралы айтып отырсаңыз, иә, жолды жапқандары полицияға жеткізілді. Себебі олар көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірді. Олардың акциясы Астана қаласындағы «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС қызметкерлерінің жиналуымен байланысты емес», - деді Жандос Өміралиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Жаңаөзенде жолды жапқандар полицияға жеткізіліп, профилактикалық әңгімелесуден кейін барлығы босатылды.

«Полицияға жеткізілгендердің ешқайсысы жауапқа тартылған жоқ. Олар өздерінің жұмысқа орналасу мәселелерін алға тартты», - деді Жандос Өміралиев.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары елордада заңсыз наразылыққа шыққан бес жаңаөзендікке ескерту жасалып, полиция бөлімшесінен босатылғаны туралы айтқан еді. Кеше кешке Астанада ұсталған өзге де маңғыстаулықтар босатылып, бүгін таңертең Жаңаөзен қаласына жүріп кетті.


Соңғы жаңалықтар