Жаңаөзенде автоцистерна өртеніп, ер адам мерт болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде «КазГПЗ» зауытында газ толтырылған автоцистерна өртеніп, оқиға орнында бір адам мерт болды. Жеңіл жарақат алған тағы бір адам Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды «Лада» өңірдің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі төтенше жағдай болған жерде 5 қазанда ер адам мерт болып, әйел адамның зардап шеккенін хабарлады.

«Денесі аздап күйіп қалған әйел Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді. Оған медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтарылды»,-делінген ведомствоның хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар