Жаңаөзенде асыранды баласын ұрған әйел видеоға түсіп қалды

None
None
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде төрт жасар баланы ұрған әйел анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы көп қабатты үйдің біріндегі балконда әйелдің 4 жасар баланы  ұрған сәтін көршілері бейнежазбаға түсіріп, желіге жариялаған.

👤Жаңаөзен тұрғыны ақтөбе қаласынан бала асырап алды сол баланы күнде ұрып соғады үсті көккімбек болып жүреді ана бала қорқады қатты қорқытып қойған жалғыз басты əйел.Жаңаөзен қаласын /10 мектепте психолг болп жұмыс жасайды.Бұл видеоны балконнан əрең түсірдім алыстан.

Публикация от 🇰🇿АСТАНА | КАЗАХСТАН | 01 (@zelloastana01) 8 Июл 2018 в 12:53 PDT

Оқиға 8 шілде күні болған. Жаңаөзен қалалық қорғаншылық қамқоршылық бөлімінің мамандары бейнетаспа жазбасы бойынша баланы ұрған әйелді анықтады.

«Жылына бір рет неке және отбасы заңына сәйкес тексеріп тұрамыз. Тексеру нәтижесінде баланың дені сау, жағдайы жақсы болды. Балабашаға барады. Ол кезде бізге шағым түскен жоқ»,-дейді Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің бас маманы Фариза Бекжанова.

Белгілі болғандай, жаңа отбасынан салқындық емес, жылулық көрем деп барған 4 жасар Әлиханды 51 жастағы жаңаөзендік әйел 1 жыл бұрын Ақтөбедегі балалар үйінен алып, бауырына басады. Балабақшаға беріп, қамқорлығына алады. Ұстаз болып қызмет ететін ол өзінің бұл әрекетін бала «балконға шығып кеткесін, құлайсың деп» ұрдым деп түсіндірген.  

«Әлеуметтік желіге шыққан азаматшаның жеке басы анықталды. ҚР ҚК-141 бабымен, күдіктінің  ісі тергеліп жатыр»,-дейді Жаңаөзен қалалық ІІБ ТБ тергеушісі  Шоқан Мыңбаев.

Ал шешесінен таяқ жеген баланың денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді.

"Өгей анасынан таяқ жеген сәби қазір қалалық балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы бірқалыпты", - дейді дәрігерлер.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар