Жаңаөзенде аштық жариялаған жұмыссыздарға бос жұмыс орындары ұсынылды

None
Фото: Жаңаөзен қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Аштық жариялаған Жаңаөзен тұрғындарына «Жұмыс жасаймын» өңірлік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасудың түрлі нұсқалары ұсынылды.

Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта Жаңаөзендегі 13 компания 200-ден астам түрлі бағытта бос жұмыс орындарын ұсынды. Оның ішінде сәулетші, өндіріс инженері, call-орталық операторы, кассир-бухгалтер, асхана қызметкері, автослесарь, менеджер, электрик, сату менеджері, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, сатушы, тазалық қызметкері, әкімші және т. б. бар.

«Ұсынылған бос жұмыс орындарының ең жоғарғы жалақысы 280 мың теңге, лауазымына, біліктілігінің болуына байланысты ең төменгі жалақы 140 мың теңге» делінген баспасөз мәліметінде.

Көптеген бос жұмыс орындары үшін жоғары білім қажет емес.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қызметкерлері жиналғандарға қолда бар жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды және мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу алгоритмі шеңберінде өз кезегін күтуді ұсынды, алайда жұмыссыздар жалпы кезекті айналып өтіп «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға жұмысқа орналасуды талап етіп отыр.


Соңғы жаңалықтар