Жаңаөзенде алғашқы IT-сынып ашылды

None
None
ЖАҢАӨЗЕН.  ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласында алғашқы IT-сынып ашылды. Енді балалардың цифрлық сауаттылықты арттыру курсынан тегін өту мүмкіндігі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ашылған IT-сыныптарды алдағы үш жылда Жаңаөзендегі барлық мектептерде құру жоспарда бар.  Жобаны «Нұр Отан» партиясы қолға алған. Партияның Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нури Тұмышев, қала әкімі Әділбек Дауылбаев пен мәслихат депутаттары сыныптың ашылуына қатысты.

«Цифрлық Қазақстан бағдарламасы өте маңызды. Барлық мектептерде мүмкіндіктер жасалып жатыр. Кезең-кезеңімен барлығы да жүзеге асуда», - дейді Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев.

IT-сыныпта анимациялық фильмдер жасауға, робототехниканың қыр-сырын үйренуге, 3D нысандар мен виртуады қалаларды құрастыруға болады.

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нури Тұмышевтің айтуынша, болашаққа жаңа мамандықтарды дайындауды қазірден бастау қажет. Гимназия мектебінде ашылған IT-сыныпта әзірге 15-ке жуық оқушы бар. Жазғы демалыста, балалар уақыттарын босқа өткізбейді.

«Лего роботтарын қолданып, әртүрлі құрылғы жасаймыз. Сыныптың ашылғанына қуаныштымын», - деді мектеп-гимназияның оқушысы Алдияр Сағындық.

Соңғы жаңалықтар