Жаңаөзенде әкімдік қызметкері мас күйінде көлік жүргізген

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің лауазымды қызметкері мас күйінде көлік жүргізіп, жол сақшыларына ұсталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған қатысты іс әдеп кеңесінде қаралды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің маманы Ахат Далабаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметші Қ. Гафаров жеке автокөлігімен келе жатқанда Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлері тоқтатқан. Ол полицейлердің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік масаң күйін анықтау туралы талабын орындамаған. Бірақ өзінің мас екенін мойындаған. Бұл іс әдеп кодексінің талабын бұзды деп кеңеске жіберілді.

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі арқылы ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік қызметшілер мен әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесі келіп түсті. Аталған мониторингті талдау барысында Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қанатбек Гафаров Жаңаөзен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысына сәйкес көлік жүргізу құқығынан айырылған»,-деді Ахат Далабаев.

Кеңес мүшелері Әдеп кодексінің талаптары бұзылды деп тауып, оған «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.


Соңғы жаңалықтар