Жаңаөзенде 46 жастағы тұрғын коронавирус жұқтырған

None
None
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында коронавирус індетін жұқтырған бір адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2020 жылдың 8 сәуірінде Жаңаөзен қалалық ауруханасының провизорлық бөлімінде күдікті бір науқастан COVID-19 анықталды.

Науқас - 1974 жылы туған Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Ол дене қызуы көтеріліп, жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Қан талдамасы алынып, індеттің белгілері анықталды. Науқасқа қажетті зертханалық және диагностикалық тексерістер жүргізілген соң инфекциялық бөлімінің бокс палатасына ауыстырылды.

Дәрігер-мамандар (инфекционист, реаниматолог, терапевт) материалдық техникалық және жеке қорғаныш құралдарымен толыққанды қамтылды. Қазір инфекция анықталған ошаққа және оның аумағына дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Байланыста болғандар санын анықтау бойынша эпидемиологиялық тексерістер мен іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Науқастың қайда жұмыс істегені, кімдермен байланыста болғаны зерделенуде.

Жаңаөзен қаласы бойынша бүгінгі таңда карантиндік стационарда – 9 азамат, үй карантинінде - 23 азамат бақылауда.

Облыста бүгінгі таңда COVID-19 инфекциясы табылған 6 науқас бар, соның бесеуі облыстық аурухананың инфекциялық бөлімінде, біреуі - Жаңаөзен қалалық ауруханасында жатыр.

Барлық диагностикалық және емдік іс-шаралар жүргізілуде. Бес науқастың жағдайы орташа ауыр, Қызылордадан келген бір науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.


Соңғы жаңалықтар