+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Жаңаөзенде 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ

2020 жылғы 16 қазан 16:06
Бөлісіңіз:
Жаңаөзенде 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзенге келдім. Партияның таяудағы 5 жылға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасының жобасын қарадық. Бұл туралы Nur Otan» патриясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Праймериз барысында қала тұрғындарынан 100-ден астам ұсыныс түсті, оның ішінде денсаулық сақтау мен білім беру деңгейін көтеру, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, жолдар мен аула алаңдарын салу, ауыз сумен қамтамасыз ету және басқалары бар. Бұл мәселелер бағдарламаны жетілдіру кезінде көрініс табатын болады.

Қазақ газ өңдеу зауытының ұжымымен кездесуде кәсіпорынды ары қарай жаңғырту мәселесін талқыладық. Бұл жобаны іске асыру «Nur Otan»-ның қалалық сайлауалды бағдарламасына да енгізілген. Жалпы, тұрғындарды жұмыспен қамту үшін қалада 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда», - деді ол.

Сонымен бірге, ол Н.Нұргалиев, Ж.Ерғазиев, Н.Алланазаров, Ғ.Махамбетов және А.Табылдиев сынды азаматтарды қабылдап, көтерген мәселелерін тыңдағаны туралы айтты.

«Партиялық бақылау комитеті мен филиал басшылығына әрбір өтінішті мұқият қарауды тапсырдым»,- деді ол.

Партияның Жаңаөзен қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының жобасымен primaries.kz сайтынан танысуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT