Жаңаөзенде 19 жас маман көтерме жәрдемақы алды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласына қарасты іргелес ауылдарда 19 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасының шарапатын көріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар мемлекет тарапынан бөлінетін көтерме жәрдемақыға ие болып, 7 маманның құжаттары әзірленуде.

10 маман бюджеттік несие бойынша тұрғын үйге қол жеткізді. Оның ішінде 8 мұғалім, 2 дәрігер бар.

«Дипломмен ауылға» жобасының басты мақсаты - денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдардың, ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну арқылы дипломдары бар мамандарды тіркеу және ынталандыруды көздейді.

«Жыл басынан бері 78 адам хабарласты. Бүгінде Жаңаөзен қаласына қарасты ауылдарда бұл бағдарламамен қызмет етіп жүрген жастардың саны артып келеді»,- деді Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Нұржұма Бопышқызы.

Жоба аясында 100 АЕК мөлшеріндегі бір реттік көтерме жәрдемақы ретінде әлеуметтік қолдау және тұрғын үйге 1500 АЕК-тен аспайтын бюджеттік несие түріндегі қолдау шаралары қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар