Жаңаөзенде 1 мың адамды жұмысқа орналастырамыз – Мағзұм Мырзағалиев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Жаңаөзенде бір мың адам жұмысқа орналастырылады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «ҚазМұнайГаз» компаниясы жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс істеп, қолдау көрсетіп жатқанын атап өткім келеді. Осы жылы Жаңаөзенде бір мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 682 адамды «ӨзенМұнайГаздың» қолданыстағы жұмысына орналастыру алгоритмі бойынша қамтысақ, ал 318 адам мердігерлік ұйымдарда қызмет ететін болады», - деді компания басшысы «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын жүзеге асыру жөніндегі кеңес барысында.

Оның атап өтуінше, «ӨзенМұнайГаз» компаниясының бюджетінде аталған адамдарды жұмысқа орналастыруға қажетті қаражат көзделген.

«Жалпы, компаниямыз халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге арналған шараларды одан ары жүзеге асыра береді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар