кеше 15:36 Таныстарын жұмысқа алып, 46 млн теңге залал келтірген «Өзенмұнайгаз» басшысы ұсталды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті лауазымдық өкiлеттiгін асыра пайдаланып, ауыр салдарға алып келді деген күдікпен «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаевты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.05.2023 18:10 Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен келіншек сал болып қалды АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 23 жастағы келіншек сал болып қалды. Оның денесі күйіп, омыртқасы сынған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2023 12:46 Талап қойған жаңаөзендіктердің мәселесі қалай шешілді – министр жауабы АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев таяуда елордаға келіп, талап қойған жаңаөзендіктердің мәселесі қалай шешілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.05.2023 19:43 Жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіздер: Жаңаөзен әкімі наразылыққа шыққан тұрғындарға үндеу жасады ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат – Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов наразылық акциясын ұйымдастырған жұмыссыздарға «Жұмыс жасаймын» жобасы аясында жалақысы 140-280 мың теңге аралығында болатын жұмыс ұсынды. Ол бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.05.2023 18:40 Жаңаөзен әкімдігі алдына жиналғаны үшін ұсталған 17 адамды полиция босатты ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимаратының алдында қоғамдық тәртіп бұзған 17 адам полиция басқармасына жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.05.2023 13:43 Маңғыстау облысында жұмыссыздық мәселесі қалай шешіліп жатыр АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі – 5%, Жаңаөзенде 5,5% құрайды. Облыстың жұмыспен қамту орталықтарында 17,2 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Нұрлан Ноғаев Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде мемлекет жұмыссыздықпен күресу үшін қандай шаралар ұсынғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.05.2023 12:44 «ҚазМұнайГаздың» арнайы жұмыс тобы Жаңаөзен кәсіпкерлерімен кездесті ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат – Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов бастаған арнайы жұмыс тобы қаладағы 30-ға жуық кәсіпорынның басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМГ-сайтына сілтеме жасап.
03.05.2023 21:43 Жаңаөзенде аштық жариялаған жұмыссыздарға бос жұмыс орындары ұсынылды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Аштық жариялаған Жаңаөзен тұрғындарына «Жұмыс жасаймын» өңірлік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасудың түрлі нұсқалары ұсынылды.
29.04.2023 14:16 Бас прокуратура «Өзенмұнайгаз» тендерлерінің қаншалықты заңды өткенін тексереді АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратура «Өзенмұнайгаз» АҚ тендерлерінің заңдылығын зерделейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.04.2023 14:27 Жаңаөзендегі жарылыс: зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды АҚТАУ.ҚазАқпарат- Жаңаөзендегі жарылыстан Ақтаудағы облыстық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген 46 және 51 жастағы ер адамдар қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.04.2023 20:22 «ҚазМұнайГаздың» жұмыс тобы «Өзенмұнайгазда» көптеген бұзушылық анықтады АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның (ҚМГ) жұмыс тобы «Өзенмұнайгаз» бен Жаңаөзеннің мердігер компанияларында бірқатар бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМГ-ға сілтеме жасап.
25.04.2023 09:30 Жаңаөзенде құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты «Тазалық-С» ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураға сілтеме жасап.
21.04.2023 20:20 Өзенмұнайгаз бен «БерАли» компаниясында аса ірі көлемде ақша жымқыру бойынша тергеу жүріп жатыр АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «БерАли Маңғыстау Company» ЖШС-да ұрлық фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
20.04.2023 23:17 Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен әйел есін жиды АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жаңаөзенде жарылыстан кейін орталық аурухананың жансақтау бөліміне түскен келіншек есін жиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.04.2023 17:15 Жаңаөзен кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметін талдау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Жаңаөзенде қаланың мұнай өндіруші және мұнай сервис кәсіпорындарының қызметін талдау мақсатында «ҚазМұнайГаз» қызметкерлерінен құрылған арнайы жұмыс тобы өз жұмысына кіріседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазМұнайГаз баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20.04.2023 15:53 Жаңөзендегі жарылыс орнында сарапшылар жұмыс істеп жатыр АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жаңаөзен қаласында болған жарылыс орнында Алматы, Ақтөбе қалаларынан келген сарапшылар жұмыс істепжатыр. Олар тұрғын үйде болған апаттың салдарын анықтамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.04.2023 14:53 Жаңаөзен қаласында болған төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған отбасыларға пәтер берілді АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев биыл 17 сәуірде көп қабатты тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан көз жұмған жандардың отбасына барып, өзінің және компания атынан көңіл айтты.
19.04.2023 19:28 ҚМГ төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов: Талап күн сайын өзгеріп отырса, келіссөз жүргізу қиын АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта ҚазМұнайГаз бен «БерАли» компаниясының бұрынғы қызметкерлері арасындағы келіссөз арнайы құрылған жұмыс комиссиясының шеңберінде әлі де жалғасып жатқаны белгілі. Күн сайын кездесу өткенімен, тараптар бір аптадан кейін де нақты шешімге келе алмаған. ҚазАқпарат осы мәселе бойынша пікір алу үшін ҚМГ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасановқа хабарласты.
19.04.2023 17:25 Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен науқастардың қазіргі жағдайы қалай ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат – Қазір Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында жарылыстан зардап шеккен 5 адам жатыр. Дәрігерлер науқастардың жағдайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.04.2023 15:30 Жаңаөзендік мұнайшылар былтыр да ҚазМұнайГаз ғимараты алдында наразылық өткізген АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Үкіметтің кеңейтілген кеңесінен кейін жаңаөзендік мұнайшылардың ереуілі жайында пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.