Жаңаөзен маңында теміржолдағы апатта 6 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі Маңғыстау бөлімшесінің Өзен-Болашақ учаскесінде оқыс оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 қарашада сағат 14:20-да Маңғыстау бөлімшесінің Өзен-Болашақ учаскесіндеге өтпеде тепловоз бағдарлық «Газель» автомобилімен соқтығысты», - делінген хабарламада.

Өтпенің белгі беру құрылғысы қалыпты жұмыс істеп тұрған. Сағатына 60 шақырымдық жылдамдықпен келе жатқан тепловоз машинисі теміржолда автомобилді көріп тежегішті іске қосқан. Алайда бұл әрекет соқтығысудың алдын ала алмады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның арнайы комиссиясы оқиғаның себеп-салдарына анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, Жаңаөзен маңындағы Теңге ауылының тұсында теміржол өтпесінде тепловоз бағдарлық «Газельмен» соқтығысып, бастапқы мәлімет бойынша алты адам қаза тапқан. Тағы жеті адам түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.   Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4- бөлігі (екі және одан да көп адамның өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы ) бойынша тіркелді.

Соңғы жаңалықтар