Жаңаөзен қаласының Полиция басқармасына жаңа бастық тағайындалды

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен ҚР ІІМ-нің келісіміне сәйкес Жанаөзен қаласы Полиция басқармасы бастығы лауазымына Полиция полковнигі Қорғанбаев Бекбол, ал Түпқараған ауданы Полиция бөлімінің бастығы болып Полиция полковнигі Сатханов Рустам Төлегенұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бекбол Қорғанбаев 1977 жылы 3 наурызда дүниеге келген. 2002 жылы ҚР ІІМ Алматы академиясын бітірген. Ішкі істер органдарында 1998 жылдың қыркүйек айынан бері қызмет етеді.

Өз қызметін Маңғыстау өңірінде Жол полициясынан бастаған. Сондай-ақ тергеу және анықтау қызмет салаларында болған.

2022 жылдың наурыз айынан бастап Маңғыстау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы лауазымына тағайындалып, бүгінге дейін қызметті атқарған.

Сатханов Рустам Төлегенұлы 1981 жылы 5 тамызда дүниеге келген. 2002 жылы ҚР ІІМ академиясын бітірген. Ішкі істер органдарында 1998 жылдың тамыз айынан бері қызмет етеді. Өз қызметін Маңғыстау өңірінде тергеушіден бастаған.

2020 жылдың 21 мамырынде Маңғыстау облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы лауазымына тағайындалып, бүгінгі күнге дейін сол лауазымда қызмет атқарған.


Соңғы жаңалықтар